Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік
Некені тіркеуге некеге тұрғысы келетін адамдардың өтініші негіз болады.
Некеге тұратын адамдарға некеге кедергі болатын жағдайларды жасырғаны үшін жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертіледі.
Өсу және кему тармағындағы тікелей туыстардың (ата-аналары мен балалары, атасы, әжесі мен немерелері), ортақ әкесі немесе анасы бар толық және жартылай туысқан бауырлар, сондай-ақ асырап алушылар мен асырап алынғандар арасында некеге тұруға жол берілмейді.
Сондай-ақ, сот олардың кем дегенде біреуін психикалық ауруы немесе ақыл-есінің бұзылуы салдарынан әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдар арасында некеге тұруға жол берілмейді.
Неке (ерлі-зайыптылық) қиюды тіркеу үшін азаматтар келесі құжаттардыкөшірмелерімен бірге екі данада ұсынады:
- Неке қию туралы өтініш – 2 дана (мына жерден жүктеңіз);
- Некеге тұратын адамдардың жеке басын куәландырған құжат (түпнұсқасы және 2- көшірме);
- Бұрынғы некелері туралы мәліметтер – 2 дана;
- Балалары бар екендiгi туралы мәлiметтер (бар болған жағдайда) – 2 дана;
- Консулдық алым – 35 АҚШ доллары.(KEB HANA BANK 101-890091-91438 төлем банктің кассасы арқылы жүзеге асырылады)
Шетел азаматтары қосымша келесі құжаттарды ұсынады:
- Оңтүсік Корея аумағында оның заңды тұратынын растайтын «Apostille» таңбасы бар қазақ немесе орыс тілінде аударылып, нотариалды куәландырылған құжаты – 1 дана;
- «Apostille» таңбасы бар қазақ немесе орыс тілінде аударылып, нотариалды куәландырылған некеге тұруға қабілеттігі туралы анықтамасы – 1 дана.
Неке қиюды тіркеу мерзімі
Неке қию туралы өтініш некені тіркегенге дейін бір ай бұрын беріледі. Мерзімнің саналуы өтініш берілгеннен кейінгі келесі күннен басталады және келесі айдың тиісті күні бітеді. Егер осы күн жұмыс күні болмаса, онда одан кейінгі жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып есептеледі.
Ерекше мән-жайлар болған кезде (жүктілік, баланың тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қатер төнуі және басқа да ерекше мән-жайлар) некеге тұратын адамдардың қалауы бойынша неке қиюды тіркеу өтінішті берген күні жүзеге асырылады.
(Тіркелүге арналған сайт : https://cskzkor.com/ru/appointment)