Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы консулдық бөлімінің сайты

Қайтыс болу туралы куәлік

Кодекстің 268-бабына сәйкес қайтыс болуды мемлекеттік тіркеуге келесі құжаттар негіз болып табылады:

- медициналық ұйымның қайтыс болу туралы белгіленген үлгідегі құжаты;

- қайтыс болу фактісін анықтау туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы заңды күшіне енген сот шешімі;

Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу қайтыс болған адамның тұрғылықты жері бойынша немесе ол қайтыс болған жерде жүзеге асырылады.

Қайтыс болуды тіркеу үшін келесі құжаттар мен көшірмелер 3 данада ұсынылу қажет:

  1. Арнайы үлгідегі өтініш – 2 дана;
  2. «Apostille» мөртаңбасы бар қазақ немесе орыс тілінде аударылып, нотариалды куәландырылған қайтыс болу фактісін растайтын құжат – 1 дана
  3. Қайтыс болушының жеке басын куәландыратын құжаттар – (түпнұсқасы және 2 көшірме)
  4. Арызданушының жеке басын куәландыратын құжаттар – (түпнұсқасы және 2 көшірме).

 

Қайтыс болуды тіркеу мерзімі

 – 1 (бір) жұмыс күні.

 

 (Тіркелуге арналған сайт : https://cskzkor.com/ru/appointment)