Туу туралы куәлік
Баланың тууын тіркеу корей клиникасы тарапынан берілген медициналық туу туралы куәлік негізінде жүзеге асырылады.
Баланың тууын тіркеу туралы өтініш Қазақстан Республикасының азаматтарынан бала туылғаннан кейін 2 айдан кешіктірмей қабылданады.
Туу туралы куәлікті алу үшін баланың ата-анасының бірі Сеул қаласындағы Қазақстан Республикасының Елшілігіне жеке түрде келіп, келесі құжаттарды көшірмелермен бірге екі данада тапсыруы керек:
1. Арнайы үлгідегі өтініш - 2 дана (мына жерден жүктеп алыңыз);
2. Нотариат кеңсесінде қазақ немесе орыс тілдеріне аударылып куәландырылған «Апостиль» мөртаңбасы бар баланың туу туралы медициналық куәлігі - 1 түпнұсқа және 1 көшірме данасы;
3. Ата-аналарының төлқұжаттарының түпнұсқалары және көшірмелері - 2 дана;
4. Неке туралы куәліктің түпнұсқасы және көшірмелері - 2 дана;
5. 25 АҚШ доллары мөлшерінде консулдық алым
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес баланың тууын екі ай мерзім ішінде тіркеуі орындамаған жағдайда, қосымша келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1.Ата-анасының түсініктемесі;
2. Нотариат кеңсесінде қазақ немесе орыс тілдеріне аударылып куәландырылған «Апостиль» мөртаңбасы бар Оңтүстік Кореядағы медициналық мекемесімен берілген Баланың денсаулығы туралы анықтама - 1 түпнұсқа және 1 көшірме данасы ;
Баланы тіркеу мерзімі – 5 (бес) жұмыс күні.