Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы консулдық бөлімінің сайты

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу келесі негіздер бойынша жүзеге асырылады:

- кәмелетке толмаған балалары мен мүліктік даулары жоқ ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші негізінде;

- ерлі-зайыптылардың бірінің өтініші негізінде (жұбайын хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі, ерлі-зайыптыны әрекетке қабілетсіз немесе әрекеті шектеулі деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі , жұбайын қылмыс жасағаны үшін үш жылдан кем емес мерзімге бас бостандығынан айыруға соттау туралы сот шешімі тағайындалған жаңдайда);

 - сот шешімі негізінде.

 

Кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені бұзуды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу үшін келесі құжаттар мен оның көшірмелері 2 данада ұсынылады:

 

 

1. Арнайы үлгідегі өтініш– 2 дана (мына жерден жүктеңіз);

2.Арызданушылардың жеке басын куәландыратын құжаттар (түпнұсқасы және көшірме)-2 дана ;

4.       Неке қию туралы куәлігі (түпнұсқасы және 2- көшірме);

5.       Консулдық алым – 45 АҚШ доллары.(KEB HANA BANK 101-890091-91438  төлем банктің кассасы арқылы жүзеге асырылады)

 

Некені бұзуды тіркеу мерзімі

Некеге бұзу туралы бірлескен өтініш бір ай бұрын беріледі. 

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды ажырасушылардың тікелей қатысумен жүргізіледі және некені бұзу туралы бірлескен өтініш берген күннен бастап бір ай өткен соң жүзеге асырылады.Мерзімнің өтуі өтініш берілгеннен кейінгі келесі күннен басталады және келесі айдың тиісті күні бітеді.

 

 (Тіркелуге арналған сайт : https://cskzkor.com/ru/appointment)