Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы консулдық бөлімінің сайты

Қайтып оралу туралы куәлік

Корея Республикасына уақытша сапармен келген Қазақстан азаматтары Қазақстан Республикасының төлқұжатының мерзімі өткен, жарамсыз болған жағдайда, оны жоғалтқан жағдайда, сондай-ақ Оңтүстік Кореяда туылып, ата-анасымен бірге Қазақстанға оралатын балаларға ҚР-ға қайтып оралуға арналған куәлік беріледі. 

Қайтып оралу туралы куәлікті алу үшін Қазақстан Республикасының Сеулдегі Елшілігінің консулдық бөліміне өтініш білдіруіңізге болады.

Өтініш білдіруші аталған куәлікті алу үшін келесі құжаттарды  жеке келіп тапсыруы қажет:

  1. Құжатты жоғалту мән-жайларын немесе өтініш берудің басқа себептерін көрсете отырып, Қазақстан Республикасына оралу үшін куәлік беру туралы консулға еркін нысандағы өтініш (мына жерден жүктеңіз);
  2. ҚР төлқұжатының немесе жеке куәлігінің көшірмесі (бар болса, жеке куәліктің түпнұсқасы) болмаса өтініш иесінің жеке басын айқындауға, тұрғылықты жерін анықтауға және ҚР азаматтығына қатыстылығын растауға мүмкіндік беретін фотосуреті бар құжаттар (әскери билет, қызметтік куәлік);

*балалар үшін - баланың туу туралы куәлігі, ата-анасының неке туралы куәлігі, сондай-ақ ата-анасының төлқұжаты;

  1. Төлқұжатты жоғалту себебімен оның өтініш білдіргенін растайтын жергілікті полицияның құжаты (анықтама, хаттама) (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен).Бұл тармақ төлқұжатының мерзімі өткен немесе жарамсыз болған Қазақстан азаматтарына қатысы жоқ;
  2. Фотосурет 3,5х4,5 – 2 дана;
  3. Консулдық алым - 10 АҚШ доллары.(KEB HANA BANK 101-890091-91438  төлем банктің кассасы арқылы жүзеге асырылады)

 

Ресімдеу мерзімі - 5 күн.

 

(Тіркелуге арналған сайт : https://cskzkor.com/ru/appointment)