Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы консулдық бөлімінің сайты

Төлқұжат

ҚР-ның Оңтүстік Кореядағы Елшілігінің Консулдық бөлімі жаңа төлқұжатты ресімдеуге ҚР азаматтарынан келесі құжаттар қабылдайды:

- болу елінің оқу орындарында бір жылдан кем емес мерзімде білім алып жүргендер;

- болу елінде бір жылдан кем емес еңбек келісім-шарты бар жұмысшылар;

- төлқұжаттарында шетелдерде «тұрақты түрде тұруға рұқсат» деген қазақстандық құзыретті органдардың тиісті белгісі бар Қазақстан Республикасының азаматтары;

- аталған тұлғалармен бірге тұратын жанұя мүшелері.

Оңтүстік Кореяға жеке сапармен, туризм және т.б. мақсатпен келген азаматтар өз төлқұжаттарын алмастыруды немесе оны жаңартуды Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты жері бойынша ресімдеуі тиіс.

ҚР азаматының төлқұжатын айырбастауға қатысты құжаттарды тапсыру үшін өтініш білдірушінің жеке өзі Қазақстан Республикасының Сеулдегі Елшілігіне келесі құжаттарды көшірмелерімен бірге екі данада ұсынуы қажет:

1)  Өтініш(мына жерден жүктеңіз);

2) 16 жасқа дейінгі балалардың туу туралы куәліктерінің түпнұсқасы және көшірмесі. Егер туу туралы куәлік Кореяның құзыретті органымен берілсе, онда «Apostille» мөртаңбасы қойылған қазақ немесе орыс тілінде расталған аудармасының болуы міндетті;

3) Неке қию/ажырасу туралы куәліктердің түпнұсқасы және көшірмесі. Егер неке қию/ажырасу Кореяда тіркелген болса, онда «Apostille» мөртаңбасы қойылған қазақ немесе орыс тілінде расталған аудармасының болуы міндетті;

4) ҚР азаматы төлқұжатының түпнұсқасы және көшірмесі;

5)Кореяда тұрақты тұруға келген Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – Оңтүстік Кореяға тұрақты тұру үшін Қазақстаннан кету мекен-жай парағы немесе «Тұрақты тұруға Оңтүстік Кореяға кетуге рұқсат етіледі» деген мөрі бар төлқұжат парағының көшірмесі - 2 дана;

6) Қазақстандық студенттер үшін (ТТР жоқ адамдар үшін) - ЖОО-да оқып жатқандығы туралы нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы бар университет анықтамасы;

7) Оңтүстік Корея аумағында уақытша жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары үшін (ТТР жоқ адамдар үшін) - еңбек келісім - шартының түпнұсқасы мен көшірмесі;

8) 3,5х4,5 фотосурет – 4 дана. Құжаттарды консулдық бөлімге тапсыру кезінде сурет өтініш білдірушінің жасына сәйкес келуі керек, тура алдынан жарық фонда күлімсіремей түсірілген, бейнеңіз 75% - тен кем болмауы қажет, сондай - ақ басыңыздың үсті мен суретіңіздің екі жанында ақ жиек қалу керек;Фотосурет контрастылы болуы керек, жарықтандыру орталық және біркелкі болуы керек, тұлғаның жеке сипаттамаларын анықтауға жеткілікті айқындықпен қосымша көлеңкелерсіз болуы керек. Үнемі көзілдірік киетін адамды көзілдірікпен суретке түсіру керек (қараңғы көзілдірік болмауы тиіс). Фотосуреттің артқы жағында иесінің тегі мен инициалдары қарапайым қарындашпен (қалам емес) жазылуы тиіс. Фотосуреттерді бір негативтен қалың (жіңішке емес) фотоқағазға басып шығару арқылы жасау керек. Компьютерде сканерлеу және модельдеу немесе ксерокөшіру арқылы жасалған кескіндерді пайдалануға жол берілмейді;

9)Нотариалды кеңседе орыс тіліне аудармасымен куәландырылған жергілікті өкілетті органдары берген құжаттардың (Alien Registration Card, студенттік виза және т.б.),  түпнұсқасы және көшірмеcі - 2 дана;

10) Жоғалған төлқұжаттың орнына жаңасын ресімдеген кезде жергілікті полиция бөлімшесінен төлқұжаттың жоғалуы туралы куәландырған қазақ немесе орыс тілінде нотариаттық аудармасы бар анықтама;

11) Алғашқы рет төлқұжатты ресімдейтін тұлғаларға (16 жасқа толмағандар үшін) баланың дерегі жазылған ата-анасының төлқұжаты және оның көшірмесі;

12) Консулдық алым – 100 АҚШ доллары.(KEB HANA BANK 101-890091-91438  төлем банктің кассасы арқылы жүзеге асырылады)

*** шетел тіліндегі құжаттар қазақ немесе орыс тілдеріне аударылуы керек.

Құжаттарды қарастыру мерзіміқұжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап күнтізбелік 80 күннен 90 күнге дейін құрайды.

 

 (Тіркелуге арналған сайт : https://cskzkor.com/ru/appointment)