Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы консулдық бөлімінің сайты

Куәліктерді тіркеу (отбасылық жағдай, жүргізуші куәлігін тіркеу және т.б)

Мемлекеттік медициналық сақтандыруға тіркелуге керекті отбасылық қатынастар туралы куәлікті (가족관계증명서) алу үшін келесі құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері қажет:

1. Арнайы үлгідегі өтініш (мына жерден жүктеңіз)

2. Барлық отбасы мүшелерінің төлқұжаттары

3. Туу туралы куәлік

4. Неке қию туралы куәлік

5. ID карта (Alien Registration Card)

6. 50 АҚШ доллар көлеміндегі консулдық алым. (KEB HANA BANK 101-890091-91438  төлем банктің кассасы арқылы жүзеге асырылады)

 

Корей үлгісіндегі жүргізуші куәлігін алуға керекті жүргізуші куәлігін растау үшін келесі құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері қажет:

1. Арнайы үлгідегі өтініш (мына жерден жүктеңіз)

2. Төлқұжат

3. ID карта(Alien Registration Card)

4. Жүргізуші куәлігі

5. 50 АҚШ доллар көлеміндегі консулдық алым.(KEB HANA BANK 101-890091-91438  төлем банктің кассасы арқылы жүзеге асырылады)

 

 

(Тіркелүге арналған сайт : https://cskzkor.com/ru/appointment)