Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы консулдық бөлімінің сайты

Нотариаттық қызметтер туралы(сенімхат, келісімхат, растама)

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі 
«Нотариат туралы» заңының 36 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының
атынан консулдық қызметтi жүзеге асыратын лауазымды адам мынадай
нотариаттық қызметтер орындайды:

1. Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлiктi
иелiктен алу туралы шарттардан басқа мәмiлелердi куәландыру
(консулдық алым 50 АҚШ долларын құрайды);

2. Құжаттар көшірмелерінің және олардан үзінділердің сенімділігін куәландыру (консулдық алым - 30 доллар);

3. Құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландыру
(консулдық алым 30 АҚШ долларын құрайды);

4. Құжаттардың бiр тiлден екiншi тiлге аудармасының дұрыстығын
куәландыру (консулдық алым 40 АҚШ долларын құрайды);

(KEB HANA BANK 101-890091-91438  төлем банктің кассасы арқылы жүзеге асырылады)

Жоғарыда аталған нотариаттық қызметтер бойынша консулдың атына еркін үлгідегі өтініш, төлқұжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі тапсырылып, сондай-ақ консулдық алымның төленуі қажет.

Ресімдеу мерзімі – 2 жұмыс күні

 

 

(Тіркелуге арналған сайт : https://cskzkor.com/ru/appointment)